Бесінші сынып оқушыларының орта мектепке бейімделуіне арналған ашық кездесулер!!!
Бесінші сынып оқушыларының бейімделуін анықтауға қыркүйек айымен желтоқсан айы аралығындағы жүргізілген іс-шаралар нәтижесін анықтау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Жанбаев пен мектеп психологы оқушылармен еркін тақырыпта дөңгелек үстелде кездесу өткізілді.
Негізгі мақсаты: Бастауыш сыныптан орта мектепке өтуі – оқушылардың мектеп өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ал 5-сынып оқушысының бейімделуі – бала өміріндегі әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Осы кезең аралығында оқушылармен өткізілген іс шаралар жоспары оң нәтиже берілгені анықталды. Оқушылар өздерін еркін сезініп ортаға тез бейімделіп, барлық жағынан толығымен бейімделгені өз ойларын еркін айта білуінен айқын көрініп тұрды.