ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП
Шымкент қаласы Білім басқармасының "Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған"Үміт" мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29.05.2023 жылы қамқоршылық кеңес алдында қорытынды есеп беру жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Мектептегі жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебі: -сынып бойынша оқушылардың білім сапасы;
- жыл бойы өткізілген іс-шаралар, оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері;
2.2022-2023 оқу жылының жұмысын қорытындылау. 3. Жаңа оқу жылына қойылатын мақсаттар. Есеп беру жиналысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар оқылды. Сөз кезегінде қамқоршылық кеңес мүшелері 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы оқу жылына мектеп ұжымына сәттілік тіледі.