ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
Қабылдау бөлімі :
(7252) 57-03-32
Есепші бөлімі:
(7252) 57-03-32
umit_umit_00@mail.ru:
Интернат "УМИТ" » Тәрбие жұмысы » 9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!!!

9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!!!

10 май 2022, Вторник
8
0

Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,5 миллион ұл мен қыз аттаныпты. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. 

Қазақстан тарихы мәліметтеріне сәйкес, бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар  алған. Олардың бесеуі — бір, төртеуі — екі, екеуі — үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры Иван Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді.
Төрт қазақстандық Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші Мәншүк Мәметова және мерген Әлия Молдағұлова Батыр атағын алды. Батыр атағын алғандар қатарында атқыштар Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Сергей Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристер Серікбай Мүткенов, Иван Новиков, ұшқыш Нүркен Әбдіров, минометші Қарсыбай Сыпатаев, атты әскер Бақытжан Қаратаев, сапер Петр Гончаров, политрук Мәлік Ғабдулин, торпедалық катер командирі Борис Ущев және басқалар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды. 
Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев, капитан Борис Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.


Талқылау